Жаңалықтар

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі өңірлерде айтулы шаралармен өтілуде. Сондай шаралардан Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі де шет қалмауда. 14 қараша-10 желтоқсан аралығында колледж әдіскері Әбдіғалиева Әсел Әбутәліпқызының ұйымдастыруымен аталмыш оқу орнында «Тәуелсіздік пен жасампаздыққа – 25 жыл» атты әдістемелік айлық өтті. Мерекелік шараларға арналған айлықтың алғашқы аптасында «Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі» пәндер апталығы болып өтті. Онда тақырыпқа сай баяндамалар оқылып, ашық сабақтар, үш тілде конференция өткізіліп, апталық Брейн-ринг интелектуалды ойыны арқылы қорытындыланды.

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының 2016 жылғы 23 қарашадағы №20-04-10/645, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің 2016 жылғы 11 қарашадағы №15-01-08/И-361 және Атырау облысы Білім беру басқармасының 2016 жылғы 25 қарашадағы №15-5-17/3247 хаттарына сай, 8 желтоқсан күні «Зиялы ұлт» тақырыбында 25 санын бейнелей отырып, Қазақстан туралы әндер орындау арқылы Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі студенттері флешмоб ұйымдастырды.

Қазан айының 18-і күні колледж әдіскерінің ұйымдастыруымен «Білім сапасы – ізденімпаздықта» такқырыбында әдістемелік семинар болып өтті.