Ағымдағы жылдың 28-29 мамыр күні, Нұр-Сұлтан қаласында бразилиялық джиу-джитсудан өткен “AJP KAZAKHSTAN NATIONAL PRO” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Аталған турнирде колледж студенті бақ сынап, І дәрежелі дипломмен жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, “Ауыл шаруашылығын механикаландыру” мамандығының І курс, 79 тобының студенті Тұманбай Сералыны кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Спорт әлемінде жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз!

View the embedded image gallery online at:
https://kyzylkoga-coll.kz/kz/zhetistikteri.html#sigFreeIde21e743764


Worldskills чемпионаты өз мәресіне жетті.

2022 жылдың 16-21 мамыры аралығында Атырау облысының кәсіптік орта білім беру ұйымдары арасында Worldskills өңірлік қозғалысы өтті. Чемпионатқа Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің студенттері қатынасып, бақ сынасты.

Нәтижесінде “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының түлегі Сағынбай Айкөркем мен “Тігін өндірісі және киімді үлгілеу” мамандығының ІІІ курс студенті Мұратқызы Айнель жүлделі 3 орынды иеленсе, ІІ курс “Фермер шаруашылығының” студенті Нұртасұлы Дархан "ҮЗДІК МАМАН" атанды.

Жетекшілік еткен өндірістік оқыту шеберлері А.Габдуллинаға, А.Мизановқа, А.Мейрамбекқызына, Ғ.Тілепбайға және облыстық деңгейде өткен чемпионатта колледждің мерейін асқақтатқан студенттерімізге алғыс айтамыз.

Жеңісті күндеріміз көп болсын!

View the embedded image gallery online at:
https://kyzylkoga-coll.kz/kz/zhetistikteri.html#sigFreeIdd0c48ed7e4


Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің Студенттік Парламентінің мүшелері облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткен "ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ - 2022" байқауына қатынасып жүлделі І - орынды иеленді.

 

Студенттерімізге және оларға жетекшілік еткен жас мамандар Г. Сайфолла мен Д. Балниязға алғысымызды айтамыз. Алар асуларымыз бен жетістіктеріміз көп болсын.

View the embedded image gallery online at:
https://kyzylkoga-coll.kz/kz/zhetistikteri.html#sigFreeIde6a3246afa

 

2022 жылдың 28 ақпаны күні Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен спорт кешенінде мекемеаралық әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті.Жарысқа колледжден қыздар командасы қатынасып жүлделі ІІ орынды иеленді және мекеме қызметкері А.Атабаева "Үздік ойыншы"атағын жеңіп алды.

 

Колледжіміздің спортшы қыздарына мекеме атынан алғысымызды білдіре отырып,еңбектеріне табыс,отбастарына амандық тілейміз.

  


Сағыз ауылындағы мектептер және колледж студенттерінің арасында Сағыз орта мектебінің акт залында "Еріктілердің елге пайдасы тиіп жүр ме?" тақырыбында дебат өтті.

Дебатқа колледждің студенттері қатынасып, Сағынбай Ақнұр "Үздік спикер" атағына ие болды.

   


Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің студенттері Сағынбай Ақнұр,Еркінқызы Аяжан,Асанәліұлы Али,Нұрболұлы Данияр "Қазақстан" РТРК АҚ АОФ облыстық білім беру басқармасымен бірлескен жаңа маусымда студенттер арасында өткен зияткерлік-танымдық "Миталас" бағдарламасына қатысты.Сағынбай Ақнұр зияткерлік-танымдық ойынның екінші кезеңіне жолдама алды.Бағдарламаның талабы бойынша жеңімпазға Атырау облысының жоғарғы оқу орындарына грантқа жолдама беріледі.Қатынасқан студенттеріміздің барлығына алғыс айта отырып,Ақнұрға сәттілік тілейміз.

   

 


Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің кітапханашысы Зоя Сейтімқызы Қуанышева "Еңбек ардагері" төс белгісімен марапатталды.Төс белгіні Атырау облыстық салалық кәсіподағының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы тапсырды.

Зоя Сейтімқызы бір мекемеде үздіксіз ұзақ уақыт бойына еңбек етіп келеді.Білім ордасына сіңірген еңбегі өлшеусіз.Апайымызға ұжымның атынан алғысымызды айта отырып,еңбек жолыңызда асар асуларыңыз бен шығар шыңдарыңыз көп болсын демекпіз.

  


Атырау облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен "Креативті куратор - 2022" байқауы кәсіптік білім беру ұйымдарындағы студенттер тобына жетекшілік ететін кураторлардың қызметін жандандыру,олардың жұмысының маңыздылығын қоғамдық тану мақсатында өткізілді.

Сайысқа колледжден жас маман Сайфолла Гүлназ Бердібекқызы қатынасып "Топтағы өзін-өзі басқаруды белсенді ұйымдастырғаны үшін" номинациясын иеленді.

 

Колледж ұжымы атынан Гүлназды құттықтай отырып,жас маманның ұстаздық жолына шығармашылық табыстар,асар асуларың мен бағындырар белестерің көп болсын деген тілек айтамыз.

 


Ұстаздар күні мерекесіне орай Сағыз ауылдық округі әкімінің арнайы құттықтау хатымен марапатталған колледж ұстаздардары Мусина Роза Нұғыманқызы және Нұрқашев Мағзом Сапашұлын ұжым атынан құттықтаймыз! Еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!

   

  

 

2012 жылы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында өткізілген «Үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны» облыстық байқауында облыстық білім беру басқармасының арнайы дипломымен марапатталды.
2015 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткізілген облыстық «Студенттік көктем-2015» байқауында белсене қатысқаны үшін колледждің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театр көрінісі Алғыс хатпен марапатталды.
2015 жылы колледж Ұлттық бизнес рейтингі қорытындысымен кәсіптік-техникалық оқу орындары арасында сала көшбасшысы ұлттық сертификатына ие болды.
Таниязова Бақыт Нысаналықызы - жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің оқытушысы.

    

2011 жылы “Қазақша-орысша-ағылшынша сөздік” оқу құралын, 2012 жылы “Happy English Vocabuiary” электронды оқу құралын, 2013 жылы “Тестілер жинағын” оқу құралын дайындап, авторлық куәлік алды.
2013 жылдан KERA – Қазақстандағы білім саласындағы зерттеушілер қауымдастығының мүшесі.
2014 жылғы қазан айында Атырау қаласында өткен «Кәсіптік білімі беруде педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістемелік негіздері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатынасып Алғыс хатпен марапатталды.
2015 жылғы маусым айында Астанада Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясына өткен «Білім берудегі инновация: ізденіс және шешім» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатынасып сертификатпен марапатталды.  

 

3-курс №59 топ студенті Закария Бекарыс 2015 жылы О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық, облыстық байқауларының жүлдегері атанса, Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық «Абай оқулары» шығармашылық байқауынан І-орын, үстіміздегі жылы «Үш тұғырлы тіл білу – заман талабы» тақырыбындағы облыстық байқаудан ІІІ-орын, «Ғұмырдария» шығармашылық орталығының ұйымдастырумен өткен республикалық «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаев өлеңдерін оқудан көркемсөз номинациясынан Бас жүлде иеленді.

 

3-курс №59 топ студенті Базар Нұржан «Менің елім» атты облыстық патриоттық ән фестивалінің лауреаты атанса, «Білім берудегі инновация: ізденіс және шешім» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға (Астана қ.) қатынасып келді.
2014-2015 жылында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ІХ облыстық пәндік олимпиадада 2-курс, №62 топ студенті Аралбай Серікболсын – Қазақстан тарихы пәні бойынша (жетекшісі тарих пәні оқытушысы Қ.Мадияров), 3-курс, №60 топ студенті Мәлікқызы Гулида информатика пәні бойынша (жетекшісі информатика пәні оқытушысы И.Такишева), 2-курс, №61 топ студенті Әби Қымбат математика пәні бойынша (жетекшісі математика пәні оқытушысы Ы.Әбілғазы) Алғыс хатпен марапатталды. 

    

Колледж студенттері Балгерей Дінаман (3-курс, № 59 топ), Табынбайұлы Өмірсерік (3-курс, №58-топ) аудандық «Ду-думан» атты әзіл-сықақ байқауында белсенділік танытса, колледждің жайдарманшылар тобы КВН аудандық лигасына қатынасып жүлдемен оралды. Колледж түлектері үздік бітіруші түлектердің жыл сайынғы өтетін «Ақ жол саған, Жас маман» облыстық студенттер форумына тұрақты түрде қатысып келеді.