Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі аудандағы жастарға орта біліммен қатар бастауыш кәсіптік білім беретін бірден-бір оқу орны. Колледж облыс, аудан экономикасының қажеттілігіне қарай ауыл шаруашылығы, энергетика, қызмет көрсету салалары бойынша мамандар дайындаумен айналысады және ауылдық жердегі жастарды кәсіби даярлау мен жұмыссыздарды қайта даярлаудың аудандық орталығы болып есептеледі.
Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі алғаш рет 1959 жылы Приморье ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі болып құрылып, бірнеше рет құрылымдық өзерістер болды.
1964 жыл-№ 112 селолық кәсіптік-техникалық училищесі
1984 жыл- № 112 орта кәсіптік-техникалық училищесі
1991 жыл-№ 11 орта кәсіптік-техникалық училищесі
1996 жыл-№ 8 кәсіптік-техникалық мектеп
2001 жыл-«№ 8 кәсіптік-техникалық мектеп» мемлекеттік мекемесі
2008 жыл-«№ 11кәсіптік лицей»мемлекеттік мекемесі,
2012 жыл-«Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесі
2013 жыл-«Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны