Колледждің негізгі мақсаты: озық технология мен инновацияны меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандарды дайындау мен қазіргі қоғам талаптарына сай келетін білім беру қызметтерінің тиімді жүйесін қалыптастыру.

Колледждің міндеттері:
►колледж студенттерінің білім сапасын арттыру: студенттердің білім беру стандарттарының мазмұнын меңгеруі; оқытудың саралау нысанын жетілдіре отырып, оқушының жеке ерекшеліктерін дамыту; заманауи ақпараттық технологияларды қолдану; 2-3 курс студенттеріне дуалдық оқу үшін қажетті негіз құру;
►оқытудың әр кезеңінде студенттердің анықталған білім деңгейі; студенттердің даму деңгейінің динамикасын бақылау; мұғалімнің кәсіби құзіретін жетілдіру.
►білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында, рухани дені сау, физикалық дамыған тұлға қалыптастыру.