Қатысушылар саны: әр түрлі пән оқытушыларынан 16 адам қатысты.
Семинардың барысы: “Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас” деген халық нақылын басшылыққа алып, сөзімді елбасымыз Н.Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиялар негізінде әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп айтып өткеніндей жас ұрпаққа білім беру жолында, жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу мен тиімділігін арттырудың маңызынан бастадым. Семинарда: бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру негізінде, оқытушылар семинардың соңына дейін, топтық жұмыс туралы білгендерін ортаға сала отырып, топтық жұмыстың тиімділігі туралы толық мағлұмат алып: ББҮ стратегиясымен, стоп-кадр, Ақылдың 6 ойшыл қалпағымен толық таныс болды. Семинардан соң, оқытушылар коучингті өткізуді үйренеді, сабақта топпен жұмысты ұйымдастыруды пайдаланады деген нәтиже күте отырып, коучингті “Мадақтау” тренингімен бастап, бір-біріне жақсы комплимент айтқызып, мұғалімдер арасында жағымды ахуал қалыптастырдым, өйткені, бұл тренинг қатысушылар арасында жылы қарым-қатынас орнату өте жақсы ықпалы бар екенін білемін. Осы тренинг әріптестердің арасындағы қатынасты жақсартып қана қоймай, семинардың сәтті өтуіне ықпал жасады. Оқытушыларды топқа бөлу үшін колледж психологы Э.Еділованы көмекке шақырдым. Геометриялық фигураларды пайдаланып, қатысушы қандай фигураны таңдаса, сол адамға төмендегідей психологиялық мінездеме берілді.
Топтастырылып, мінездеме берілгеннен кейін «Өз бойларыңыздан осы қасиеттер табыла ма?» деген сұрақ қоя отырып, өз-өзіне баға беруге жетеледім. Семинарға қатысушылар шынымен осындай қасиеттер менің басымнан табыла ма деп ойланып қалды. Кейбіреулері шынымен осылай деп, таңданыстарын жасырмай дауыстап айтып жатты. Сондай-ақ, мінездерімізге қарай топтастырылып, өз аурамызды таптық дегендер де болды.
Семинарға қатысушылардың түрлі әдіс-тәсілдерді, модульдерді қандай деңгейде, қаншалықты білетіндіктерін тексеру мақсатында « Білемін Білдім Үйренгім келеді» кестесін беріп, осы уақытқа дейін сабақтарында қандай әдіс-тәсілдерді, стратегияларды қолданғандарын алғашқы екі бағанға жазуларын сұрадым. Ал, үшінші бағанды коучинг-семинардың соңында толтыратындықтарын ескерттім. Қатысушылар «Венн диаграммасы», «Сын тұрғысынан ойлау» немесе «Блум таксоманиясы» тағы басқа әдіс-тәсілдерді жазыпты. Мен бүгінгі өзім үйреткелі отырған тәсілдерді жазбағандарына қарап, тағы басқа тәсілдерді үйрететініме қуандым.
Келесі «Презентация» бөлімінде слайдтар арқылы жаңа форматта оқытуда маңызды орынға ие болып отырған топтық жұмыс жөнінде мағлұмат берілді: топтық жұмыстың тиімділігі, құрылымы, топтық жұмысты ұйымдастыруда оқытушының бойында қандай қабілеттер болуы тиіс, топтық жұмыстың ережелері, топ мүшелерінің міндеті, топтардың көлемі жұмыс көлеміне байланысты: жұптар, шағын топтар, үлкен топтар болуы мүмкіндігі, т.с.с. Қатысушылардың алған ақпараттар жөніндегі пікірі тыңдалды. Топтық жұмыстың қандай нәтижелері болатынын оқытушылардың ойларын тыңдай отырып, ой елегінен өткізе отырып шығардық.
Ал «Түсірілімді тоқтат!» ойынында мәтін бөлігін беріп,ары қарай не болуы мүмкін екенін сұрадым. Қатысушы топтар ақылдасып түрлі варианттарын ұсынып, ойларымен бөлісіп, топпен жұмыс істеді. Әр топтың ұсынған мәтін жалғасы туралы ойларын ортаға салып, студенттер арасынан да қызықты ұсыныстар шығатынын айтқанда, коучинг – семинарға қатысушылардың барлығы мақұлдады.
Келесі бөлімінде «Құмырсқалар миграциясы» бейнежазбасын көрсеттім. Қатысушылар топтық жұмыстың тиімділігіне тағы да көздерін жеткізе түсті. Бейнежазбаны үлкен ықыласпен, қызыға қарады, көріп отырып, өз ойларымен бөлісті. Құмырсқалар топтаса жүріп, бір-бірін қолдай отырып, өз мақсаттарына жеткендігін көріп, топтық жұмыс үлкен жетістіктерге әкелетіндігін қатысушылар да растады.
Осы ойлары «6 ойшыл қалпақ» стратегиясы арқылы «топтық жұмыстың тиімділігі» деген тақырыпты берген кезде жалғасын тапты. Өйткені әр топ әр позицияны ұстанған кезде топтық жұмыс туралы ойларын естіп, талқыға салды. Көптеген қатысушылар бұл стратегияны мүлдем білмейтіндіктерін айтты. Сондықтан «6 ойшыл қалпақ» стратегиясы туралы толық мағлұмат бердім, қатысушыларға ұнады.
Коучинг-семинар соңына таман « Білемін Білдім Үйрендім» кестесінің үшінші бағанын, яғни, бүгіні коучингтен не үйренгендерін толтырды. Одан кейін кері байланыс ұсындым. «Күн шуағын шашады» рефлексиясы арқылы семинарда алған өз білімдерін, менің еңбегімді жақсы деп бағалап, күннің шуақтарына жазып, ризашылықтарын ауызша да айтты. Кері байланыс парағынан бүгінгі семинардан қатысушы ұстаздардың көп нәрсеге үйренгендерін де, өз еңбегімнің бағасын да көрдім.