Атырау облысы Білім беру басқармасының «ҚЫЗЫЛҚОҒА АГРАРЛЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

2022-2023 оқу жылына негізгі және жалпы орта білімі бар (9-11 сынып бітірген ) оқушыларды мына мамандықтар  бойынша оқуға бюджеттік негізде қабылдайды:

 

Р/с

Коды

Мамандық атауы

Біліктілігі

1

07150500

«Дәнекерлеу ісі»

Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай

3W07150501- Электргазымен дәнекерлеуші

2

07130100

«Электр жабдықтары»

Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай

3W07130101-

Электромонтер

3

07230100

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»

Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай

3W07230101-

Тігінші

4

07161600

«Ауыл шаруашылығын механикаландыру»

Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай

3W07161602- Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу шебері

5

07161600

«Ауыл шаруашылығын механикаландыру»

Оқу мерзімі –  10 ай

3W07161603- Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист/ машинисі

      Басқа елді мекеннен келген оқушылар жатақханамен қамтылады. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жақсы оқитын ІІ, ІІІ курс студенттеріне және І курсқа қабылданған барлық студенттерге 21787 теңге, үздік оқитын студенттерге 25055 теңге көлемінде шәкіртақы және оқу жылы кезеңінде басқа елді мекендерден келген студенттерге 4 АЕК   4 (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде жолақы шығыны төленеді. Аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалар бір мезгіл ыстық тамақпен, ата – ананың қамқорлығынсыз қалған студенттер стипендиямен, ыстық тамақпен және киім – кешекпен толықтай қамтамасыз етіледі.

Оқуға қабылдау 2022 жылдың 25 маусымынан 25 тамызына дейін жүргізіледі.

Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша қажетті құжаттар:

1.     Колледж директорының атына таңдаған мамандығы көрсетілген өтініш.

2.     Негізгі (орта) білім туралы құжат (түпнұсқа)

3.     Денсаулығы туралы 075-У нысанындағы медициналық анықтама, флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы)

4.     Туу туралы куәлік (көшірме)

5.     6 фотосурет (3х4 см түрлі түсті)

6.     Басқа елді мекендерден келгендерден 063 нысанындағы медициналық анықтама.

Өтінімдерді қабылдау abiturient.edus.kz порталы арқылы қашықтықтан (онлайн) немесе 060507 Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы Т. Декеев көшесі, 2 мекен – жайы бойынша орналасқан колледжге тікелей келу арқылы жүзеге асырылады. Назарларыңызға abiturient.edus.kz веб-порталы арқылы құжатты онлайн тапсырудың нұсқаулығын ұсынамыз.

 

Тел.\факс: 8(71238) – 7 – 13 – 77,  8-778-238-83-94, 8-702-660-38-28,  www. kyzylkoga – coll.kz    kyzylkoga.atk@mail.ru     

View the embedded image gallery online at:
https://kyzylkoga-coll.kz/kz/mamandy-tar.html#sigFreeIdc1d6aaafd8

АБИТУРИЕНТ НАЗАРЫНА!!!
Құрметті талапкерлер, Қызылқоға Аграрлы- Техникалық Колледжінде 2022 жылдың 25 маусымынан бастап талапкерлерді оқуға қабылдау үшін қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, өтінімдерді қабылдау онлайн форматта Egov.kz және abiturient.edus.kz платформаларында жүзеге асатынын қаперлеріңізге береміз!
Өтінімдерді жіберуідің үлгісін төменде назарларыңызға ұсынамыз: