2022 жылдың 2 ақпаны күні Қызылқоға аграрлы-техникалық
колледжінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа және вакцин,ревакцинаға байланысты жиналыс өтті.
Жиналысқа Қызылқоға ауданының әкімінің орынбасары Ж.Есенғалиев,аудандық білім бөлімінің басшысы Ө.Әділов,Қызылқоға АПБ бастығының бірінші орынбасары М.Көптілеуов,Қызылқоға аудандық прокуроры Д.Бағытжанов,Сағыз ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Е.Мақсотов және ата-аналар қатынасты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сағыз ауылында жасөспірімдердің құқық бұзушылық және кәмелетке толмағандардың ата-анасының қарауынсыз беймезгіл уақытта көшеге шығуы бойынша жиналысқа қатынасушылар сөз сөйлеп,ата-анаға балаларына бақылау жасау,кешкі мезгілде үйде болуын қадағалауды,колледждің жауапты тұлғаларына студенттерге ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейд жұмыстарын жүргізуді,18 жастан асқан студенттердің және мекеме қызметкерлерінің вакцинадан,ревакцинадан өтуін міндеттеді