Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай “Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім” тақырыбында 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шаралар жоспары аясында 6 желтоқсан күні әлеуметтік педагог және психологтың бастамасымен интеллектуалды, зияткерлік IQ дода болып өтті.

Колледж студенттерінің қатысуымен өткен білім сайысында топ жарып, 3 курс 74 топ студенті Еркінқызы Аяжан жүлделі бірінші орынды иеленсе, Жайберген Айбек (1 курс, 79 топ студенті) екінші дәрежелі, ал Сағынбай Ақнұр (3 курс, 74 топ студенті) үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Барлық қатынасқан студенттерге алғыс білдіреміз. Еліміздің туын білім деңгейімен көкке көтеретін жастарымыз көп болсын!