6 желтоқсан күні Қызылқоға ауданы мәслихат депутаты, фракция мүшесі, "Қызылқоға аудандық жастар ресурстық орталығы КММ-нің Сағыз ауылдық округі бойынша жастар жетекшісі, Қызылқоға ауданы бойынша "Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің" төрайымы Жетібаева Айдана Жетібайқызы "Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің" студенттерімен кездесті. Кездесу Елбасының жаңа дәуірдегі Қазақстандықтарға бағдар болатын "Елдіктің жеті тұғыры"атты қағидаттарының жиынтығын жастарға насихаттау мақсатында өткізілді. Қағидаттар жиынтығының мағынасын жеке-жеке түсіндіріп өтті. Жастарда өз ойларын еркін білдіріп, пікірлерін айтты.