Ағымдағы жылдың қараша айының 18 жұлдызы күні Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2021 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған халықтың мақсатты топтарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында теолог-маман Батан Зейінді Алтынбекұлы колледж студенттерімен кездесу өткізді. Жастардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары сияқты ауқымды да өзекті мәселелер жөнінде студенттермен қатар, оқытушыларға да дәріс оқыды. Студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, мардымды ақпараттарымен бөлісті.