Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінде студенттер күніне орай 90 жылдардағы стильде «Студенттік шақ – ұмытылмас ғажап сәт» тақырыбында ретро кеш өтті. Шараны ұйымдастырған жастар ісі жөніндегі комитет пен студенттік Парламент ұйымы. Концерттік бағдарламада 80-90 жылдардағы әндер орындалып, билер биленді. Кеш барысында түрлі ойындар ойнатылды. Қатысушыларға ретро әндер мен оларды орындаушылар туралы сауалдар қойылып, дұрыс жауап бергендер сыйлық иеленді.

 

Кешке қатынасқан ұстаздарымыз да студенттік шақтарын еске түсіріп, ал студенттеріміз сол кездегі студенттік өмірді сезінді.