4 қазан күні Қызылқоға аграрлы - техникалық колледжінде 2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығына арналып ұйымдастырылған жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде:
1. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылындағы міндеттер. Хабарламашы: колледж директоры Ш. Қасымов
2. Ата-аналар комитетінің есебі. Хабарламашы: ата-аналар комитетінің төрайымы Ы. Әбілғазы
3. Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережелері мен міндеттері. Студенттердің сабаққа қатысына байланысты ата-аналарға жүктелетін міндеттер. Хабарламашы: директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Г. Арканбаева
4. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жүргізілетін жұмыстар. Хабарламашы: кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор А. Сүйінова
5. Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау
Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелері бойынша хабарламалар оқылып, ата- аналарға құқықбұзушылықтың алдын алу, колледждің ішкі тәртібін сақтау, сабаққа қатыс жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар комитетінің өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалып, жаңа оқу жылына комитет мүшелері мен төрайымы қайта сайланды.