Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жастар ұйымы мен Дене шынықтыру пәнінің оқытушыларының, Студенттік Парламент ұйымының бастамасымен 25 қазан күні орталық саябақта “Тимбилдинг” өтті. Тимбилдингке колледж ұстаздары мен студенттері қатынасып, белсенділік көрсетті.

Тимбилдингтің пайдасы: ойын кезіндегі бірлескен мақсаттар қою, команданы біріктірудің керемет жолы. Оқытушы мен студенттердің арасындағы жағымды атмосфера- олардың жетістіктерінің кілті.

Шара барысында табиғат аясында Дене шынықтыру пәнінің оқытушылары спорттық жарыстар ұйымдастырып, әлеуметтік- педагог Г. Сайфолла психологиялық тренингтер өткізді. Табиғат аясындағы шараға қатынасушыларға шағын отырыс ұйымдастырылды және спорттық сайыста белсенділік көрсеткендері үшін марапатталды.