Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінде кітапханашымен және көркемөнерпаздар үйірме жетекшісінің ұйымдастыруымен ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «Сұлу сезімді өлең – жыршысы» тақырыбында әдеби-сазды поэзия кеші өткізілді. Шара өткізілетін кітапханада «Ақ жайықтың ақ шағаласы» атты кітап көрмесі жасақталып, І бөлімде ақын А.Бақтыгерееваның кітаптары, ІІ бөлімде ақын туралы жазылған мақалалар, естеліктер қойылды. 

Кеш барысында ақын туралы бейнебаяндық деректер көрсетілді. Кеште ақынның Отанға, туған жерге, ата-анасына, қыздардың жан дүниесі, дағдырлары туралы жазылған жырларын студенттер жатқа оқыса, ақын А.Бақтыгерееваның сөзіне жазылған әндері жіберіліп отырды. Кеште сөз сөйлеген колледж директорының өндірістік оқу жөніндегі орынбасары Б.Мырзашева мен директордың тәрбие жұмыстарының орынбасары Ш.Қасымов «Қазақ қашанда қыздарын қадір тұтқан, қыздар тағдырын, ішкі жан-дүниесін ақын қызы А.Бақтыгереева шебер айта білген, оның әрбір өлеңінің тәрбиелік мәні зор», - деп атап өтті. Сөйтіп, кеш «Ақжайық ару мекенім» атты ақынның әнімен аяқталды.