Қамысбаев Жалғас Қаражанұлы-колледж директоры, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері.
Елбасы Республикалық жастар форумында «Баршаға-кәсіби білім» бағдарламасының енгізіліп жатырғандағын, «Мемлекет баршаның өндірістенжұмыс орнын табуына кепілдік беретін өмірдегі алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға мүмкіндік туғызып отырғандығын» атап айтқан болатын. Өмірдің өзі көрсеткендей еліміздегі экономикажәне өндіріс саласының дамуына байланысты орта буын жұмысшы мамандарға сұраныс күн санап артып келеді. Қазіргі кезде елімізге өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білім бар, сапалы да білікті мамандар қажеттігі өзекті болып отыр. Кәсіптік білімі беру бағытында жасалып жатырған көптеген шаралар еліміздің болашағы-бүгінгі жастардың жан-жақты білім алуына тікелей байланысты орта кәсітік білім –білім беру жүйесіне қатысты мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыттарының бірі.
Осы бағытта-жергілікті жастарға кәсіптік білімді меңгертіп, нарықтың экономикажағдайында еңбек нарығының сұранысына сәйкес, жұмысшы мамандарды даярлауда өзінің үлесін қосып келе жатқан аудандағы жалғыз оқу орны-Қызылқоға аграрлы-технологиялық колледжі. Колледж ұжымы білікті маман кадрлар даярлау мақсатында бірнеше ондаған жылдар бойы тынымсыз еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында оқу орнынан түлеп ұшқан мамандар аудан, облысымыздың әр түрлі салаларында еңбек етіп жатырғандығын орынды мақтаныш етеді. Білім беру жүйесі елімізде құрылымдық, мазмұндық бағытта жаңарып, озық әлемдік технологиялар енгізіліп, ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Осы мақсатта енгізілген кәсіптік білім беретін оқу орындарының кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестігі бәсекеге қабылетті мамандар даярлау ісіне оң ықпал ете алады. Әлеуметтік серіктестік оқу орындары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ол:-қандай және қанша маман даярлау қажеттігі туралы ақпарат алу;-мамандықтар даярлауда жұмыс берушілердің талаптарын ескеру-талапқа сай жаңа оқу бағдарламаларын жасау-бітірушілердің жұмысқа орыналастыру мүмкіндіктерін кеңейту.
Колледжде әлеуметтік әріптестік бойынша аудан көлемінде орналасқан ірілі-ұсақты 22мекемелермен келісім жүргізілді және олармен бітіруші студентерді өндірістік тәжірибеден өткізу, жұмысқа орналастыру, мекемелер есебінен қаржыландыру, материалдық базаны нығайту жұмыстарына мүмкіндікке қарай көмектесіп бірлесіп жасақтауға яғни соның ішінде «Сағыз» ЖШС, «Жасқайрат» ЖШС, «Казсушар» РМК Қызылқоға өндірістік учаскесі, «Жаңа арна» ЖШС, «Атырау-Жарық» Қызылоға аудандық электрмен қамту орталығы, «Ауылым-50» ЖШС-і, «Мәулет» ЛТД ЖШС-і, «Сарқұмақ» ШҚ, «Атырау» ШҚ, ЖК «Тәжмағамбетов С», ЖК «Досымбаева А», ЖК «Мәжекеова А», ЖК «Нұрмолдина С», ЖК «Джиенбаева А» т.сс мекемелермен жоғарыдағы мәселелерді шешіп бірлесіп жасауға келісілді. Өткен оқу жылында «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша «Диплом алды» өндірістік тәжірибеден 5 студент «Жасқайрат» ЖШС-нен өтіп жасаған еңбектеріне қарай табыстарын алды. Биылда осы мамандық бойынша бітіруші түлектерді тобымен «Жасқайрат» ЖШС-не өндірістік тәжірибеден өткізуге келісіп отырмыз. Биылғы бітіруші 3 курс студенттерін өндірістік тәжірибеден өз мамандықтары бойынша серіктес мекемелерден өндірістік тәжірибеден өтуге келісілген мекемелер:
І.«Фермер шаруашылығ» мамандығы бойынша өндірістік тәжірибені өткізу үшін Сағыз ветеринарлық инспекциялық бақылау мекемесі, «Жаңа арна» ЖШС-і, «Сағыз» ЖШС-і, «Ауылым-50» ЖШС-і, ЖК «Убигалиев», ЖК «Тажмағамбет С», «Атамекен» ШҚ, «Ұзақбай» ШҚ, «Хайролла» ШҚ, «Ақмырза» ШҚ, «Боранкулов» ЖК, «Қайрат» ШҚ, «Бекбауов Т» ЖК т.б мекеме, шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлермен келісім шарттар жасалған.
ІІ. «Электр стансаларының желілердің электр жабдықтары» мамандығы бойынша өндірістік тәжірибені өткізу үшін Батыс Қзақстан темір жолы Атырау бөлімшесі Сағыз станциясы, «Атырау-Жарық АҚ Сағыз энергия жүйесі», «Казтелеком» аудандық электр торабы, Мақат аудандық электр жүйесі, Қызылқоға аудандық электр жүйесі мекемелерімен келісім шарттар жасаылған.
ІІІ. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік тәжірибені өткізу үшін «Прайм» мейрамханасы (Арал қаласы), ЖК «Досымбаева А» (Жомарт мейрамханасы), «Болашақ» мейрамханасы, ЖК «Тажмағмбетов С» (Ақ-Гүл наубайханасы), «Ақбота» шипажай – балабақшасы, «Бақ-Ырыс» мейрамханасы (Мақат поселкесі), «Ағатай» мейрамханасы, «Адай» мейрамханасы, ЖК «Сатаева Баян» («Мадина кафесі»), ЖК «Нұрмолдина С» (Динара шайханасы), ЖК «Мәжек А»(«Әділ» кафесі) кәсіпкерлермен келісім шарттар жасалған.
Өндірістік тәжірибелер мемлекеттік стандарт бойынша жасақталған оқу жоспарында көрсетілгендей «танысу тәжірибесі» 36 сағатқа, «технологиялық тәжірибе» 360 сағатқа және «диплом алды тәжірибесі» 252 сағатқа жоспарланып өткізіледі. Өндірістік тәжірибені өткізу келісім шартына сәйкес, өндірістік тәжірибеден өту мерзімі көрсетілген бұйрық негізінде беріліп, өндірістік тәжірибеге өндірістік оқыту шебері жетекшілік етеді.Сонымен қатар өндірістік тәжірибеден өткен мекеме өкілдері бітірушілердің біліктілік емтиханына қатысып, қабылдап алады.
Болашақ мамандарды даярлау оларға сапалы кәсіптік білім мен біліктілік беру-басты бағытымыз. Қазіргі кезде «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Электр стансаларының және желілердің электр жабдықтары», «Дәненкерлеу ісі», «Ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Фермер шаруашылығы» мамандықтары бойынша коледжде барлығы 31 инженер-педагог жұмыс істейді, оның 7-еуі өндірістік оқыту шебері, 24-і арнайы және жалпы білім беретін пәндердің оқытушылары. Оқытушылардың жоғары санаттысы-4, бірінші санатттысы-8, екінші санаттылар-6, сапалық құрамы-39 пайыз. Колледж ұжымы тұрақты, кадрлар ағымдалығы жоқ. Колледжде білім алушы жастарға негізгі мамандығы бойынша кәсіптік біліммен қатар, қысқа мерзімді курстарда оқу арқылы да қосымша мамандық алуларына мүмкіндіктер бар. Оқу орнында оқушылардың ақпараттық технологиялық сауаттылығын арттыруға арналған 3 компьютерлік кабинет және интерактивтік тақтамен жабдықталған 6 оқу кабинеті бар, оқушылардың кәсіби шеберліктерін арттыруда мамандықтар бойынша 7 щеберхана қызмет етеді. Кітапхана қорында –8072 кітап болса, оның ішінде арнаулы пәндер бойынша-1744 кітап, оқулықтар-3450.Жыл сайын студенттерге бюджет есебінен тегін дәрі-дәрмек қаралаған. Материалдық жағдайы төмен білім алушыларды әлеуметтік қорғау әрдайым басты назарда. Өйткені колледж оқушыларының көпшілік бөлігі әлеуметтік жағдайы төмен жанұядан шыққан балаларды құрайды. Соның ішінде жетім балалар бюджет есебінен жаздық және қыстық киіммен, тамақпен қамтылады. Әлеуметтік жағдайына қарай түгелдей дерлік оқушылар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.
Үлгеріміне қарай «4»пен «5» ке оқитын студенттер тұрақты мемлекеттік шәкіртақы алып тұрады. Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы 2013-2014 оқу жылында 44%, 2014-2015 оқу жылында 40%, 2015-2016 оқу жылында 50%-ды қамтиды.
Колледж 2012 жылы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында өткізілген «Үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны» облыстық байқауында облысық білім беру басқармасының арнайы дипломымен марапатталды. Ұлттық бизнес рейтинг қорытындысымен Республикадағы кәсіптік-техникалық оқу орындары арасында колледж 2015 жылдың сала көшбасшысы ұлттық сертификатына ие болды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткізілген облыстық «Студенттік көктем-2015» байқауында колледж арнайы Алғыс хатпен марапатталды.Жылма-жыл колледж студенттері облыстық аудандық деңгейдегі сайыстарға қатынасып жүлделі орындарға ие болып келеді. Қазіргі уақытта еңбек нарғындағы қажетті мамандықтардың монеторингін ұйымдастырып, экономиканың барлық салалары бойынша аудан көлеміне қажетті білікті жұмысшылар мен мамандарға сұранысты анықтап, оларды даярлау және қайта даярлау, жұмысқа орналастыру мақсатында аудандық округ әкімі аппараттарымен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүмкіндігіне қарай бірлесіп жұмыстар жасалуда.
Жаңадан мамандықтар ашу бағытында «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» (Автокөлікті жөндеу слесары) және «Фермер шаруашылығы» (Сатушы), мамандықтарын лицензиялау жұмыстары ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта колледжді дамытудың шаралары:
1.Еңбек нарығының сұранысына сәйкес жаңа мамандықтар ашу
2.Колледж жанынан студенттер өндірістік тәжірибеден өте алатын шағын асхана (тәтті тағамдар пісіретін), автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін шеберхана ашу
3. Бітірушілерді әлеуметтік серіктестерарқылы жұмысқа орналастыру
4. Ақылы қызмет жүйесін жетілдіру
5.Мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаны жаңарту және толықтыру.
Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі базасында ағымдағы жылдың 8-желтоқсанында колледж директоры Ж.Қамысбаев пен өндірістік оқулар жөніндегі орынбасары Б.Мырзашеваның ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадр даярлаудағы кәсіпорындармен әріптестік» тақырыбында қамқоршылар кеңесінің отырысы болып өтті. Кеңес отырысында колледж директоры Ж.Қамысбаевтың «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадр даярлаудағы кәсіпорындармен әріптестік және алдағы міндеттер» баяндамасы,директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Ә.Тастеміровтың «Болашақ мамандарды даярлауда дуальдық оқытуды енгізу» баяндамасы,директордың өндірістік оқулар жөніндегі орынбасары Б.Мырзашеваның «Қамқоршылық кеңес қызметінің және сайлау тәртібінің үлгілік ережелерімен таныстыру және қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары» тақырыбындағы хабарламасы тыңдалды және колледждің қазіргі тыныс тіршілігі таныстырылды.
Кеңес отырысына Қызылқоға аудандық кәсіпкерлер палатасының кеңесші менеджері С.Базарбаев,Қызылқоға аудандық электрмен қамту орталығының өкілі Е.Каримов, «Казсушар РМК-ның Қызылқоға өндірістік учаскесі» өкілі Р.Әжіғалиев, «Жаңа арна» ЖШС-нен Е.Абдрахманов , «Жасқайрат» ЖШС-нен А.Жоланов, «Атырау» ШҚ-нан Ғ.Жұмиев, «Наршөкен» ШҚ-нан Х.Зинетов,Сағыз аудандық электр жүйесінің бастығы Е.Тұрғанов,жеке кәсіпкелер С.Нұрмолдина, С.Тәжмағамбетов, А.Досымбаева,А.Мәжековалар қатынасып өз ой-пікірлерін қосты.Келген жұмыс берушілерге анкета таратылып толтырылды.Сонымен қатар кәсіпорын өкілдерімен екі жақты келісім шартқа отыру рәсімі өткізілді.
Кеңес соңында колледж білім алушыларының тәрбиесіне ықпал етіп,еңбек дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа қалыптастыруда,өндірістік тәжірибеден өтуге жағдай жасауда,жағдайы төмен білім алушыларға әлеуметтік демеушілік көрсеткен бір топ жұмыс берушілерге колледж әкімшілігі атынан «Алғыс хаттар» табыс етілді.