Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінде 4 маусым күні "Елдіктің ерен рухы" атты Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған Студенттік Парламенттің ұйымдастыруымен шара өтті. Шараға колледждің ардагер ұстазы, тарихшы Қ.Мадияров қатысып, студенттерге мемлекеттік рәміздер туралы айта отырып, өз ойымен бөлісті.
Шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын нығайту, оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.