Біздің бүгінгі қоғамның қайырымдылыққа, жанашырлық пен жылуға мұқтаж екені жасырын емес. Қуантарлығы, жастардың осыны түсініп қоғамның бөлшегі болуға, табиғатты аялап, үлкен мен кішіге, жетім мен жесірге қатар қол созып ерікті түрде қызметке кірісуге жақын тұратыны.

Осындай жастар біздің ортамызда да аз емес. Колледж студенттері жақында ғана ауылымыздағы зейнеткер Зейнеп апайдың үйіне барып, ерліктің ерікті үлгісін көрсетіп қайтты. Үй шаруасына көмектесіп, ауласын, қора- жайын тазалап, үлкеннің алғысын алды.

Қайырымдылық- адамзаттың асыл, қазақтың қанында бар қасиеті, ізгіліктің асыл көрінісі. Ендеше, осы қасиеттің қазақ жастарының бойынан жиі табылып, өз еркімен өтеусіз, риясыз жақсылық жасайтындардың қатары көбейсе деген ниеттеміз және барша жастарды қоғамға пайдалы іспен шұғылдануға шақырамыз.