Қызылқоға аграрлы- техникалық колледжінде осы тақырыпта студент-қыз балалар мен дәрігер- гинекологтың кездесуі өтті. Кездесуді ұйымдастырудың негізгі мақсаты: білімалушы қыз балаларға репродуктивті денсаулық, жеке бас гигиенасы, қоғамдық орында өздерін ұстауы жөнінде мағлұмат беріп, түсініктерін кеңейту.

Осы бағытта Сағыз ауылдық амбулаториясының дәрігер-гинекоголы Дулығаева Гүлфайруз Ақылбекқызы баяндама оқыды. Сонымен қатар, колледж медбикесі, “Көзайым” қыздар ұйымының жетекшісі және психолог сөз алып, жоғарыдағы мәселелер бойынша пікірлерімен бөлісті.

Студенттер де көкейлерінде жүрген сұрақтарын білікті мамандарға қойып, мардымды жауаптарын алды.