Осы ұранмен колледж жастары бүгін Сағыз ауылындағы игі бастамаға ат салысып, туған жердің экологиялық жағдайын жақсарту, көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызды.

Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Тек ауыл жастарына ғана емес, тұрғындарға да жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретумен қатар, оларды еңбекке баулуды көздейтін осындай игі бастамалар жалғасын тапса, көпшіліктің қолдауына ие болса деген тілегіміз бар.

Бүгінгі көгалдандыру жұмысына қатынасқан барша колледж студенттері мен оларға жетекшілік еткен Айдана Жетібаеваға алғыс білдіреміз!