Колледж қабырғасында ұзақ жылдар талмай еңбек етіп, білім ордасының көркеюі мен өркендеуіне үлес қосқан - Сьезбай Тоқымбайұлы мен Базарбай Қашқынбайұлын колледж ұжымы мен Кәсіподақ ұйымы мерейлі 60 жасымен құттықтап, сыйлықтар тарту етті.

Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың алпыс- тал түс аталуы бекер емес-ау.

Осы таңда адам өмірінің асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған Базарбай Қашқынбайұлы мен Сьезбай Тоқымбайұлын мерейлі жастарымен колледж ұжымы атынан құттықтаймыз!!!

Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде танылып, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделдеріңізді атап өтпей кетуге болмас.

Сіздерге жарқын да мағыналы өмір, көтеріңкі де кіршіксіз көңіл, деннің саулығың, отбасының амандығың, қызыққа толы ғұмыр кешіп, көпшіліктің ыстық ықыласы мен құрметіне, ризашылығына бөлене беріңіздер дегіміз келеді.

Ізгі тілекпен: Қызылқоға аграрлы- техникалық колледжі ұжымы