7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылары күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін атаулы мереке. Биылғы жылы бұл күн ерекше атап өтуді талап етеді. Себебі ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына - 30 жыл толды. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз!
Осы мереке қарсаңында, ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуын тойлау және колледж қабырғасында қызмет ететін барша ер азаматтарды құттықтау мақсатында Қызылқоға аграрлы - техникалық колледжінде “Елін қорғау - ерге серт!” тақырыбында мерекелік салтанатты жиын болып өтті. Шараға колледждің педагогикалық ұжымы және қызметкерлері қатынасты.
Салтанатты жиынды ашып беру үшін колледж директорының міндетін атқарушы Гульфайруз Жолдасқызы сөз алып, барша ер азаматтарды айбынды да абыройлы мерекемен құттықтап, студенттерді Отанымыздың жалынды жастары, жарқын болашағы, патриоты мен қорғаны болуға шақырды.
Жиын соңында колледждің студенттері дайындаған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Сонымен қатар, Кәсіподақ ұйымы атынан колледжде еңбек ететін барша ер азаматтар қауымына марапат қағаздары мен сыйлықтар табысталды.