Қызылқоға аграрлы - техникалық колледжі және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірлесе отырып, “рейд жұмыстарын” ұйымдастырды.
Түнгі уақытта рейд жұмыстарын жүргізудегі мақсат: мектеп оқушыларының, студенттерінің беймезгіл уақытта жауапты адамдардың бақылауынсыз жүруін қадағалау, жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Рейд жұмыстарының барысында Сағыз ауылында орналасқан орталық саябақ пен мешіттерге, вокзал маңы мен кафе - барларды, көше бойларын аралап, кәмелет жасқа толмаған студенттердің түнгі уақытта жауапты адамдарсыз жүруін бақылады. Нәтижесінде, ата - анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдер, студенттер байқалмады.
Колледж студенттеріне кәмелет жасқа толмағандар түнгі сағат 23:00 ден кейін ата-анасының бақылауынсыз жүрген жағдайда әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың құқықтары және N442, N293, N127 баптары бойынша жауапқа тартылатынын ескертіп, түсінік жұмыстары жүргізілді.