Қызылқоға аграрлы - техникалық колледжінің оқытушылары Кенбай орта мектебінде, Сағыз орта мектебінде, №9 орта мектебінде, Мұқыр орта мектебінде, №2 орта мектепте, Миялы селосында орналасқан 3 орта мектепте, Қаракөл ОМ, Жаңашаруа ОМ, Ш.Еркінов атындағы ОМ, Тасшағыл ОМ, Миялы ОМ, Ақтан жырау негізгі мектебі, Қопа ОМ  болып 9 сынып бітіруші оқушылармен кездесті.

Кездесу барысында колледжде 2022 -2023 оқу жылында ашылатын мамандықтар туралы кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Хабарландырулар ілініп, буклеттер таратылды.

Кәсіби бағдар беру жұмыстары барысында колледждегі негізгі және  қосымша мамандықтар, колледждің тарихы, оқытушылар туралы ақпараттар беріліп, роликтер көрсетілді.

2022-2023 оқу жылында 9 сынып негізінде  ашылатын мамандықтар:

• 07150500 - "Дәнекерлеу ісі"

• 07130100 - "Электр жабдықтары"

• 07230100 - "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу"

Колледжге басқа елді мекеннен келушілер тегін жатақханамен қамтылады. Студенттер 21787 теңге, үздік студенттер 25055 теңге көлемінде шәкіртақымен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалар бір мезгіл ыссы тамақпен, жатақханамен қамтылған.

Білім алушыларға барлық жағдай жасалған. Сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастырған колледжіміздің басты міндеті бәсекеге қабілетті білікті маман дайындау.

Құрметті талапкерлер!!!

 

Сіздерді Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжіне білім алуға шақырамыз!!!

Колледжге түсу үшін құжаттарды қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.