Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің студенттері арасында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай "Сіздің ерлігіңіз - бізге үлгі" атты Студенттік парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен әскери-патриоттық,танымдық шара өтті.

Шараға Ауған соғысының ардагері Мажеков Нұрман Дәрібалаұлы қатынасты.

Шараның мақсаты: жас ұрпақты Отан сүйгіштікке баулу.Ерліктің өнегесін келер ұрпаққа насихаттап,ой салуына ықпал ету.

Шара соңында студенттер Ауған соғысының ардагері Мажеков Шафихтың уйіне барып кездесу ұйымдастырып,колледж әкімшілігі атынан сыйлықтар тапсырды.

Бір әулеттің қос ардагеріне денсаулық тілейміз. Сіздердің ерліктеріңіз жасұрпаққа үлгі,өнеге болары сөзсіз.Ауылымыздың осындай үлгі тұтар азаматтарымен мақтанамыз.