«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінде 2017 жылдан бастап Қамқоршылық кеңесі құрылып, білім беру мекемесінің білім сапасын қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын дамыту үшін жұмыстар атқарып келеді.
Қамқоршылық кеңестің қайырымдылық жасаушы өкілінің өз келісімі мен өтініші бойынша мүшеліктен босатылуына байланысты кеңестің құрамын қайта сайлау үшін сіздердің ұсыныстарыңыз қабылданады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
Жергілікті өкілдік, ата-аналар, атқарушы және құқық қорғау органдарының, коммерциялық емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері шақырылады.
Сіздердің қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз! («Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» қоса беріліп отыр).
Ұсыныстарыңыз он жұмыс күні ішінде қабылданады. Мына мекенжай телефонына хабарлассаңыздар болады.
Қабылдау бөлімі - 871 (238)7-13-77