Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын негізге ала отырып, Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі жанынан Қамқоршылық Кеңес құрылды. Аталған Кеңестің жұмыс жоспарына сай 2018 жылдың 25 қаңтары күні отырысы болып өтті.

 

Қамқоршылық Кеңеске мекеме басшысынан бастап, округ әкімшілігінен мамандар, жеке кәсіпкерлер, ата-аналар, ішкі істер бөлімінің маманы бар, барлығы 11 адам қатынасты. Күн тәртібінде Қамқоршылық Кеңестің құрамын сайлау, құрылған жұмыс жоспарымен таныстыру және колледждегі білім алатын әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсету мәселелері қаралды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын негізге ала отырып Қамқоршылық кеңестің Кеңес төрағасынан және 8 мүшесінен тұратын, барлығы 9 адамнан құрылған құрамы бекітілді. Жұмыс жоспарымен таныстырылып, алдағы тұрған міндеттер Кеңес мүшелері арасында бөлініп берілді.