Қызылқоға аграрлы- техникалық колледжінде 17 наурыз күні “Бақ берекем, Құт мерекем- әз Наурыз”тақырыбындағы этнографиялық танымдық шара болып өтті. Шараның мақсаты: “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ұсынылған жаңа “Дәстүр мен ғұрып” жобасын іске асыру, ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғырту және Қазақстандағы ұлт пен ұлыстың татулығы мен біртұтастығын насихаттау, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау.

Этнографиялық танымдық шараға барлық курс студенттері мен топ жетекшілері, ұстаздар мен қызметкерлер қатынасты. Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар негізінде көріністер мен көрмелер дайындап, оларды гид-студенттер таныстырды. N74 топ қазақтың көне жәдігерлері мен бұйымдарының көрмесін ұйымдастырып, ұлттық киімдер дефилесін өткізіп, көрермендерді тәнті етсе, N81 және 77 топ студенттері, болашақ аспаздар ұлттық тағамдардың жәрмеңкесін дайындап, наурыз көженің тарихын айтып тамсандырды. Ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерде ұмыт қалмай, 1 курс N79, N80 топ студенттері “Бес табан асық ату” ойынынан сайысқа түсті. Сонымен қоса, қазақтың ырым-жоралғысының бірі “Қорықтық құю” дәстүрінен де үзінді тамашалады. 2 курс студенттері түркі тілдес шығыс халықтарының ұлттық киімінде, сол ұлттың тілінде Ұлыстың Ұлы күнімен өз құттықтауларын білдірді. Осы шарадан бөлек, Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында:

Колледж студенттері мен педагогтары, қызметкерлері 14- 19 наурыз аралығында “National costume week” ұлттық киім кию апталығына қатынасты.

1 курс 80 топ студенттерінің ұйымдастыруымен “Көрісуде көп мән бар” тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.

Наурыз мейрамын өз дәрежесінде тойлауға атсалысқан барша колледж ұжымы мен студенттеріне алғысымызды білдіре отырып, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!

Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мо болсын!